Біз туралы

Біз туралы

Шәпкенов Серік Жамбылұлы

Атырау облысы әкімінің бірінші

Шәпкенов Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе селосында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін жоғарғы кәсіби білімді экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған.

2001-2002 жылдары Батыс Қазақстан қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы, Батыс Қазақстан табиғатты пайдалану дирекциясының жетекші маманы.

2002-2006 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Қаржы басқармасының жетекші, бас маманы.

2006-2007 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы, директордың орынбасары.

2007-2009 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2009-2012 жылдары Батыс Қазақстан облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы болған.

2012 жылғы қаңтардан 2012 жылғы тамызға дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2012 жылғы тамыздан 2015 жылғы қаңтарға дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2015 жылғы қаңтардан 2016 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық - ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

2016 жылдан 2018 жылғы 28 маусымға дейін Атырау қаласының әкімі лауазымын атқарды.

2018 жылдың 28 маусымынан – кәзіргі уақытта Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары

 

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге